Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Арал теңізінің орнында қалың орман пайда болады

15 Қыркүйек 2015, 13:06
0
© Аnimalworld.com.ua
© Аnimalworld.com.ua

Арал теңізінің орнында қалың орман пайда болады, - деп хабарлайды National Geographic

Басылымның мәлеметінше, Өзбекстан үкіметі Арал теңізі апатының салдарын жою үшін алдағы үш жылда 4,3 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Мұның 300 миллион доллары жергілікті халықты жұмыспен қамтуға жұмсалса, 400 миллион доллар денсаулық саласына арналған бағдарламаларға бөлінеді. Ал қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 1,5 миллиард доллар биоалуантүрлілікті қайта қалпына келтіруге жұмсалады.

Өзбекстанның Қоршаған ортаны қорғау комитеті аумақты көгалдандыруға арналған жоба дайындады. Жоспар бойынша, Арал теңізінің орнына 2030 жылға дейін 1 миллион гектар ағаш отырғызылады. Жылына 40-50 мың гектар аумақ жасыл алаңға айналады. Gismeteo хабарлауынша, жоба осы аумақта тұратын халықты зиянды тұздардың әсерінен қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан тұзды көл. Көлемі жағынан әлемде төртінші орындағы теңіз өзен арналарының тартылуы салдарынан құрғап кетті. Қазір теңіздің орнында кішігірім көл ғана қалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай