29 шілде 2015 12:25

Археологтар Қарқаралыдан олжа тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazmuseum.kz © Kazmuseum.kz

Қарағандыда археологтар Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбас тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан музейлерінің ақпараттық-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.


Қарағандыда археологтар Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбас тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан музейлерінің ақпараттық-әдістемелік орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, зерттеуді Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы архео­­­логиялық институт экспедициясы мүшелері жүргізген. "Бұл жәдігерлерді биылғы маусымдағы басты олжа деп айтуға болады. Алтын сырғалар мен айылбастар мыңдаған жылдар жер астында жатқанымен жақсы сақталған", - дейді ҚарМУ-дың жанындағы ар­­­хеологиялық институттың аға ғы­лыми қызметкері Игорь Кукушкин.

Мамандардың айтуынша, зер­герлік әшекей бұйымдары қола дәуірінде өмір сүрген әйелдерге тие­­сілі болуы мүмкін. Архео­­лог­­тар тапқан алтын бұйымдарды облыс­­тық­ өлкетану музейіне тапсыратындарын айтты.

Еске сала кетейік, маусым айының соңында археологтар Ақмола облысынан қола дәуіріне тиесілі қазбалар тапқан болатын. Ақмола облысы мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Талғат Ибраевтың айтуынша, тарихи қазба Зеренді ауданы Кенеткөл ауылына жақын маңдағы обаларды қазу кезінде табылды. "Біз көне сауыт пен сүйектен жасалынған, өрнектері бар бойтұмар таптық. Сауыт бір жыл бұрын діни белгісі бар ыдыстар қазып алынған орыннан табылды. Бұл мекен андроновтар мәдениетіне тиесілі", - деді Ибраев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети