Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алған қарағандылық оқушы АҚШ-та немен айналысады?

14 Сәуір 2016, 09:41
0
Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алған қарағандылық оқушы АҚШ-та немен айналысады? - © Дарья Андрейченко. © Newskaz.ru/Әсем Міржекеева
© Дарья Андрейченко. © Newskaz.ru/Әсем Міржекеева

Билл Гейтстің гратын жеңіп алған қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко АҚШ-тың Дьюк университетінде Альцгеймер ауруын зерттеумен айналысады. Бұл туралы "Астана" телеарнасының жасаған сюжетінде айтылған.

Жас ғалымның айтуынша, ол ең алдымен адам миының даму мәселелерін, оның мүмкіндіктерін зерттеумен айналысады. Сол себепті Дарья "Нейрофизиология" мамандығын таңдаған.

"Қазір адам миымен байланысты аурулар өте көп. Мысалы, миллиондаған адам Альцгеймер ауруының зардабын тартып келеді. Зерттеу жүргізіп, жаңалық ашу керек", - деді Қарағандыдағы № 38 гимназияның оқушысы.

Ол оқуы аяқталғаннан кейін Қазақстанға оралғысы келетінін де айтты. "Мұнда болашақ бар. Елдің дамуына өз үлесімді қосқым келеді", - деді ол.

Еске салайық, 17 жастағы Дарья Андрейченко Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің грантын иеленген алғашқы қазақстандық атанған болатын. Ол ҰБТ-ның америкалық аналогы - САТ-қа өз бетімен дайындалып, ағылшын тілінен емтиханды сәтті тапсырған. Сонымен қатар, онлайн-сұхбаттан да сәтті өтіпті. Нәтижесінде ол әлемдегі үздік оқу орындарынан шақырту алады. Дарья болса Дьюк университетін таңдады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай