19 қазан 2017 09:20

Ежелгі Мысыр өркениетінің қалай жойылғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық зерттеушілер тобы Ежелгі Мысыр өркениетінің жойылуына жанартаудың атқылауы себеп болып, ары қарай жаһандық климат өзгерді деген шешімге келді. Ғалымдардың мақаласы Nature Communications журналында жарияланды. 

Ежелгі Мысыр антикалық мәдениетте Ніл өзені суының жыл сайынғы тасуына тығыз байланысты болған. Ніл өзенінің суы мол болуына алты ай жауатын жаңбыр да себеп. Маусымнан бастап желтоқсанға дейін жауын жауатын. Микроэлементтер мен органикалық заттарға толы болғандықтан, ол маңайдағы барлық жерді құнарлы етті. Сол себепті де мысырлық ең ірі қалалар өзен бойында салынған. 

Тарихи мәліметтерге сәйкес, Ніл өзенінің суының азаюы Птоломейлер династиясы басқарған кезде болған. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 44 жылы Мысырды Клеопатра басқарған уақытта жер қыртысының әрбір аймақтарында жанартаулар жойқын атқылаған. Ыстық газ бен күл муссондық циклді бұзып, Ніл өзенінің суын азайтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети