Еліміздің мектептерінде қауіпсіздік ережелері оқытылатын болды

21 Шілде 2015, 15:55
1
Еліміздің мектептерінде қауіпсіздік ережелері оқытылатын болды - © old.liter.kz
© old.liter.kz

Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылынан бастап тек ғылыми пәндерді емес, қауіпсіздік ережелерін де оқитын болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Өскелең ұрпақтың тек қосып-алу мен көбейтуді үйренбей, өз-өздерін қорғай алулары тиіс деген мәлімдемені ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жасады.

"Биыл білім беру бағдарламасына балалардың қауіпсіздігі туралы тақырыптар енгізіледі. Мұндай жаңашылдық балаларды зорлық-зомбылықтан сақтауы тиіс", - деді ол.

Мектеп оқушыларының курс шеңберінде нақты нені үйренетіндері әзірше белгісіз. Алайда министр әр балаға қалада жүруге қауіпсіз бағыттарды таңдау үйретілетінін айтты.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай