1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Француз мұсылмандары халал тест ойлап тапты29 қазан 2015, 14:54

© ummet.kz © ummet.kz

Capital Biotech компаниясының кәсіпкерлері азық-түлік өнімінің құрамын анықтаушы жаңа құрылғы ойлап тапты. Бұл аппарат өнімнің құрамындағы доңыз еті мен алкогольді заттардың бар-жоғын анықтай алады, - деп хабарлайды AlmatyNews АА басылымының тілшісі ummet.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі қоғамда, әсіресе Еуропада сіз еш уақытта алдыңыздағы астың құрамында не бар екенін білмейсіз. Сол себепті бізге осындай құрылғы жасау қажет болды. Жейтін тамағыңның адал екеніне сенімді болған жақсы ғой", - дейді Capital Biotech өкілдері.

Енді мұсылман кәсіпкерлер бұл аппаратты мұнан әрі жетілдіріп, сойылған малдың еті ислам шариғатына сай сойылды ма, әлде тоқпен соғу секілді зиянды әдістерді пайдаланды ма, осы жағын анықтауды көздеп отыр. Француз басылымдары Capital Biotech кәсіпорнының болашағы зор екенін жарыса жазуда. Себебі уақыт өте Еуропа кеңістігінде мұсылмандардың көбеюі халал өнімге деген сұраныстың артуына алып келмек.