03 қараша 2015 12:17

Ғалымдар жыныстық қатынас туралы ата-анамен әңгімелесудің пайдалы екенін дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rus-img2.com © rus-img2.com

Америка ғалымдары ата-анамен жыныстық қатынас туралы әңгімелесудің пайдалы екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Америка ғалымдары ата-анамен жыныстық қатынас туралы әңгімелесудің пайдалы екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдардың зерттеуі жайында JAMA Pediatrics журналында жазылған. Зерттеу нәтижелеріне сенсек, ата-аналармен мұндай әңгіме өрбіту жыныс мүшесі арқылы жұғатын дерттердің алдын алып, жоспарланбаған жүктілікті болдырмауға көмектеседі.

"Солтүстік Каролина штатындағы университеттің ғалымдары жыныстық қатынас туралы әңгімені қызы мен анасының жиі айтқаны пайдалы деген тұжырымға келіп отыр. Олар 30 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін тексеріп, 52 жұмысты сараптап шықты", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, зерттеу жұмыстарын жүргізуге 25 мың жасөспірім қатыстырылды. Енді шетелдік ғалымдар ата-аналар осы зерттеудің нәтижесін ескеріп, жыныстық қатынас туралы балаларымен міндетті түрде сөйлесулері тиіс деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети