Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ғалымдар күніне үш шынаяқ кофе ішудің суицидтің алдын алатынын дәлелдеді

17 Қараша 2015, 11:56
0
© forumdaily.com
© forumdaily.com

Шетелдік ғалымдар күніне үш шынаяқ кофе ішудің суицидтің алдын алатынын дәлелдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Circulation журналында жарияланған мақалада күніне 3-5 шынаяқ кофе ішудің адамның түрлі жүрек-қан тамырлары ауруларынан, суицидтен және жүйке жүйесінің бұзылуынан қайтыс болу қаупін төмендететіні жазылған.

"Кофенің құрамында бар биобелсенді қоспалар ағзаның инсультке қарсы тұра алмау деңгейін төмендетіп, жалпы оның асқынуына жол бермейді. Бірақ кофенің әсер ету механизмін білу үшін қосымша зерттеу қажет", - деді Гарвард университетінің (АҚШ) өкілі Мин Дин (Ming Ding).

Айта кетейік, Дин мен оның әріптестері мұндай тұжырымға 160 мыңнан аса америкалық-мейірбике мен 41 мың дәрігер ер адамның денсаулығын зерттегеннен кейін келді, бұл зерттеу үшін Nurses' Health Study жобасы аясында 30 жыл уақыт жұмсалған.

Зерттеу басталмай тұрғанда экспериментке қатысқандардың барлығы жүрек ауруына, артық салмақ пен сусамырға шалдықпағандар болды. Ол ғалымдардың зерттеу жүргізуіне оң ықпалын тигізді.

"Кофені орынды пайдалану мейірбикелер мен дәрігерлердің денсаулығына оң әсерін тигізді, ол жүрек-қан тамырлар ауруының, сусамырдың, Паркинсон дерті мен нейродегенеративтік бұзылушылықтың, тіпті суицидтің болу қаупін төмендеткені анықталды", - делінген жарияланымда.

Сонымен қатар, кофенің обырға да қарсы тұра алатын қасиетінің бар екені белгілі болды, бірақ ол тұтынушыларды ісіктерден құтқарады деп айту артықшылық етеді, дегенмен оның ұлғаюына кедергі бола алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай