Ғалымдар Тутанхамон перғауынның келбетін жасап шығарды

20 Қазан 2014, 16:35
0
Ғалымдар Тутанхамон перғауынның келбетін жасап шығарды - ©REUTERS
©REUTERS
Ғалымдар Тутанхамон перғауынның келбетін жасап шығарды - ©REUTERS
©REUTERS

Ағылшын ғалымдары Мысыр перғауыны Тутанхамонның қазіргі кездегі ең егжей-тегжейлі бейнеленген портретін жасады, - деп хабарлайды Daily Mail. Ғалымдар мумияның анатомиялық ерекшеліктерін талдау негізінде компьютерлік модельдеудің көмегімен Тутанхамонның қыз бөкселі, шығыңқы тісті болғанын анықтады.

Ғалымдар компьютерлік сканерлеу бойынша 2000-нан астам операция жүргізді. Олардың пікірінше, 19 жасында өмірден өткен Тутанхамон аса көрікті болмаған. Төменгі жағы шығыңқы болғандықтан ол дұрыс тістей алмаған. Оның сол аяғының жіліншігі мен табан тұсы қисық болыпты. Сол себепті ғалымдар перғауын маймақ аяқтанып, әрі таяққа сүйеніп жүрген деп шамалайды.

Зерттеушілердің топшылауынша, ата-анасының туысқандық жақындығы болғандықтан Тутанхамон генетикалық аурулармен де ауырған. Ғалымдардың генетикалық талдауына қарағанда, оның әке-шешесі ағалы-қарындасты болған. 

Еске сала кетейік, Тутанхамонның неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін жұмбақ. Бұл жөнінде бірнеше жорамал бар. Соның бірі бойынша, ол күймеден құлаған кезде алған жарақатынан қайтыс болған. Енді бұл болжам теріске шығып отыр, себебі аяғы қисық болғаннан кейін оның күйме жарыстарына қатысуы екіталай. Ғалымдар ол генетикалық аурудың салдарынан қайтыс болуы мүмкін деген жаңа жорамал ұсынып отыр. Тутанхамонның сүйегін 1922 жылы ағылшын ғалымдары оның қабірінен тапты. Қабірдің табылуы ХХ ғасырдағы ең ірі археологиялық жаңалықтардың бірі болды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай