06 қыркүйек 2017 13:10

Гранттар қазіргі заңға емес, заң жобасына сәйкес үлестірілген - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

ҚР БҒМ Гранттарды үйлестіру жөніндегі конкурстық комиссия гранттарды "Білім туралы" заңына сәйкес тағайындамай, әлі қабылданбаған заң жобасына сілтеме жасап шешім шығарған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов мәлімдеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР БҒМ Гранттарды үйлестіру жөніндегі конкурстық комиссия гранттарды "Білім туралы" заңына сәйкес тағайындамай, әлі қабылданбаған заң жобасына сілтеме жасап шешім шығарған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов мәлімдеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биылғы түлектерге грант бөлуге байланысты қоғам наразылық білдірді. Білім және ғылым министрлігінің жауапты мамандары алтын белгі иелері басымдыққа ие болмайтынын, яғни кім ҰБТ-да жоғары балл жинаса, сол грант иегері атанады деді. Осыған дейін "Алтын белгі" иегерлерінің басымдыққа ие болуына байланысты қазіргі заңға сәйкес алған балына қарамастан грант иегері атанатын", - деді депутат премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа жолдаған депутаттық сауалында. 

Бұл қайшылықтарға байланысты, айтуынша, түлектер мен ата-аналар наразылық танытты. Білім туралы заңға сәйкес (26-бап, 5-бөлігі) мектеп бітірушілер, яғни "Алтын белгі" иегерлері байқау жарияланған сәтте грант иеленуге басымдығы бар делінген. Алайда БҒМ грант иегерлерінің тізімін екі рет жариялады. 10 және 14 тамызда. Бірінші тізімде алтын белгі иегерлері грант иеленуде басымдыққа ие болғаны жарияланған, ал екіншісінде олар гранттарынан айырылып, кім ҰБТ-дан жоғары балл жинаса, соған грант берілген.

"Негізінде бұл мәселе біреудің ойлағанына қарамай, заңға сәйкес әділ шешілуі тиіс. Бірнеше сұрақ туындайды. 
БҒМ гранттарды бөлген кезде конкурстық комиссияның мүшелері неліктен қазіргі заңға сәйкес әрекет етпеген, олар өз шешімін әлі қабылданбаған заң жобасына сілтеме жасап өзгерткен. БҒМ қандай құжаттарға сәйкес мұндай шешім шығарған?", - деді Бектұрғанов.

Депутат бірінші жарияланған тізімде грант иегері атанып, екінші шыққан тізімде грантынан айырылып қалған талапкерлердің жағдайы не болып жатқанын сұрады. Оның айтуынша, бұл туралы нақты ақпарат жоқ. 

"Неліктен мемлекеттік тапсырыс бойынша медициналық ЖОО-на грант иегерлерінің тізімі құжаттар қабылдау күніне бір күн қалғанда жарияланды? БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, 220 грант, "Алтын белгі" иегерлеріне берілуі тиіс гранттар жарамсыз болып қалды? Мұны қалай түсінуге болады? Осындай қателік жіберген БҒМ қызметкерлері қандай жауапкершілікке тартылды", - деп сұрады депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети