04 мамыр 2016 13:09

Гравитациялық толқынды ашумен айналысатын қазақстандық жігіт 2 мың доллар сыйақы алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Түйенбаев. Дархан Түйенбаев.

Гравитациялық толқынды ашу жұмыстарымен айналысатын қазақстандық жігіт 2 мың доллар алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Гравитациялық толқынды ашу жұмыстарымен айналысатын қазақстандық жігіт 2 мың доллар алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақын арада ақпарат құралдарында Breakthrough Prize in Fundamental Physics ұсынған 3 миллион доллар көлеміндегі арнайы жүлденің LIGO коллаборациясына бұйырғаны хабарланған еді. Бұл обсерватория былтыр қыркүйекте адамзат тарихында алғаш рет гравитациялық толқынды тіркеген болатын. Осы командада жұмыс істейтін қазақстандық Дархан Туенбаев жүлденің жыл соңында берілетінін айтты.

"Иә, бұл жақсы жаңалық. Бүгің таңертең барлығымыз осы жайында сөйлестік. Жүлдеге берілген 1 миллион долларды LIGO коллаборациясының негізін қалаушылар Рональд Древер, Кип Торн және Райнер Вайс өзара бөліседі. Ал қалған 2 миллон доллар 1000 қызметкерге беріледі. Яғни, әрқайсысына шамамен 2 мың доллардан беріледі", - деді Дархан Туенбаев. Ол сыйақыға берілетін қаражатты қайда жұмсайтынын жоспарламаған екен.

Оның айтуынша, гравитациялық толқынмен жұмыс істейтіндер қатарында тағы бір қазақстандық - University of Texas Rio Grande Valley профессоры Мәлік Рахманов бар. "Біз ашқан жаңалық туралы мақала авторларының тізімінде оның да есімі бар. (...)", - деді ол.

Еске салайық, 2016 жылдың 11 ақпанында LIGO ғылыми коллаборациясы ашық гравитациялық толқынның тіркелгенін хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, Дархан Туенбаев LIGO коллаборациясында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2006 жылы ҚазҰТУ-ды "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша бітірген ол 2011 жылы АҚШ-қа барып, University of Texas Rio Grande Valley и The University of Texas at San Antonio PhD докторы дәрежесін иеленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети