05 тамыз 2015 15:01

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unistage.ru © unistage.ru

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген 32 168 гранттың 500 орыны - ЖОО дайындық бөлімдері арасында, ал 29 668 грант 1 курсқа қабылданатындарға бөлінген, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны - 29 168, ал сырттай - 500.

"Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 жоғары оқу орны алды. Бөлінген гранттардың ішінде 12,6 мың грант - техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6 мыңға жуық грант - педагогикалыққа, 2 690 грант ауыл шаруашылық және мал шаруашылық мамандықтарына қарастырылған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, биыл білім гранттарын алуға 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 адам - қазақ тілді, ал 14 215 - орыс тілді. Сонымен қатар, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша студенттерді оқыту квотасы шеңберіне 6 457 адам қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети