11 тамыз 2018 16:01

Қазақстанда алғашқы қоңырау: Бірінші сынып оқушылары қай күні сабаққа барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылының басталуы - 2018 жылғы 1 қыркүйекте, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің білім басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Сондай-ақ, бұрықта оқу жылы барысындағы каникул кезеңдеріде бекітілген. 

1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети