16 шілде 2015 14:21

Қазақстанда сақтар жайлы жаңа деректер табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Ұлттық музейі © ҚР Ұлттық музейі

Қазақстанда сақтар жайлы жаңа деректер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне сілтеме жасап.


Қазақстанда сақтар жайлы жаңа деректер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты мен Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының бірлескен зерттеу тобы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылдық округіне қарасты Қарқара жайлауында сақтардың "патшалық" ескерткішінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зерттеу нәтижесінде біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын сақ билеушісінің құрметіне салынған ірі көлемді ескерткіштің бірнеше құрылымдық элементтері - жер бетіндегі құрылымы, айнала қоршап жатқан тас қоршау қаландылар, орлар ашылды.

"Сақтардың архитектурасы, жерлеу ғұрпы және дүниетанымы жайлы жаңа мәліметтер алынды. Жетісулық сақтардың әлеуметтік дәрежесі жоғары, беделді билеушісі қойылған бұл кешеннің айналасынан төрт ғасырдан соң ғұн-сармат кезеңінде, бір мезетте жерленген 45 қоршау-обалар да ашылды. Қоршаулардан бас киімнің ілмекті алтын қапсырма әшекейлері, моншақтар, қыш ұршықтар және тағы да басқалар табылды", - делінген хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети