23 қазан 2015 17:34

Қазақстанда ҰБТ өтетін мерзім өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Бірыңғай Ұлттық тестілеуді өткізу мерзімін ауыстыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев хабарлады.


Қазақстанда Бірыңғай Ұлттық тестілеуді өткізу мерзімін ауыстыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев хабарлады.

Балықбаевтың айтуынша, жоба жасалып жатыр және ол сынақ түрінде келесі жылы енгізіледі. Қазақстаннан шетелге оқуға кететіндердің санын азайту үшін қандай шаралардың жүзеге асырылып жатқаны туралы сұраққа ол түлектердің ҰБТ-ны ерте тапсыруға мүмкіндігі пайда болатынын айтты. 

"(...) Бірінші кезекте бұл Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарыың интернационализацияландыруымен байланысты, сондықтан ол жақта оқуға қазақстандық жастарды тартады. Бірақ мұнда екі мәселе бар: біріншісі - біз де нормативімізді өзгерткіміз келеді, себебі жастарымыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге кепілі мен мүмкіндіктері болуы үшін ҰБТ-ны жазда емес, ертерек тапсыра алатындай жағдай жасаймыз. Біз қазіргі уақытта бұл жобаны жасап жатырмыз, келесі жылы оны жария етеміз. Содан кейін оны сынақ тәртібінде енгіземіз. Біздің идеологиямыз тестті белгілі бір бөлігін маусымды күтпей, жылына бірнеше рет тапсыра алуға мүмкіндік беру дегенге сәйкес келеді. Әдетте ресейлік жоғары оқу орындары қыста немесе көктемде келеді де, жастарды қабылдай бастайды. Біз де жастарымыздың тестті ерте тапсыра алатын мүмкіндігінің болғанын қалаймыз", - деп түсіндірді вице-министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети