05 қазан 2015 11:31

Қазақстандық алманың негізінде АҚШ-та жаңа жеміс пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орман шабудан жоғалып кетуге қауіпі төніп тұрған қазақстандық алманың негізінде АҚШ-та жаңа жеміс пайда болды, - деп хабарлайды The Guardian.


Орман шабудан жоғалып кетуге қауіпі төніп тұрған қазақстандық алманың негізінде АҚШ-та жаңа жеміс пайда болды, - деп хабарлайды The Guardian.

Ағылшын басылымының мәліметінше, мамандар қызыл алманы диета ұстанатын адамдарға шығарған. Жаңа өнімнің құрамында полифенол екі есе көп және әдеттегі алмаларға қарағанда пайдалы өсімдік заттары бес есе артық. 

Алманың жаңа сортына "Redlove" немесе "Bloody Ploughman" деген ат қойылды, ал ағашы өте әдемі, гүлденген кезінде қызғылт түсті, ал жапырағы қою қара түсті болып өседі. Ағашқа отырғызылған жылы ғана су құйылады екен. Кейін ағаш өздігінен өсе береді. Бағбандардың айтуынша, мұндай алмалар таяу арада сатылымға шығады. Айта кетейік, жаңа сортты анықтауға Қазақстанда өсірілген алма ағаштары қолданылған. 

Селекционерлердің айтуынша, бүгінде алманың барлық сорты пайдалы емес көрінеді. Мәселен, кейде ғалымдар жемістің дәмді болуы үшін оған қант құрамын шамадас тыс қосады, кей сорттарында тіпті 80 пайызы қант болады. Бұл мұндай алмаларда қант деңгейі Coca-Cola сусынынан да көп болады деген сөз. Сондықтан мамандар диета ұстанатындарға мұндай алманы жемеу керектігін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети