Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстанның 14 жоғары оқу орны Еуропа мен Орта Азияның дамушы елдері университеттерінің рейтингіне кірді

21 Қазан 2015, 11:12
0
Иллюстрация © Tengrinews.kz
Иллюстрация © Tengrinews.kz

Қазақстанның 14 жоғары оқу орны Еуропа мен Орта Азияның дамушы елдерінің ЖОО рейтингіне кірді, оны ұлыбританиялық Quacquarelli Symonds компаниясы құрастырған.

QS EECA (Emerging Europe & Central Asia) рейтингіне 22 елден барлығы 150 ЖОО енді. Қазақстандық ЖОО қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (21-орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (33-орын), Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (54-орын), Қазақ-Британ техникалық университеті (63-орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (67-орын) бар.

Сонымен қатар, бұл рейтингке енген отандық ЖОО қатарында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (74-орын), М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (81-орын), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (100-орын), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (101-110-орын), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (111-120-орын), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (111-120-орын), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (131-140-орын), Алматы технологиялық университеті (131-140-орын) және Қожа Ахмет Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (141-150-орын) бар.

Тізімде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті көш бастап тұр. Екінші орын да ресейлік ЖОО-ға бұйырды - Новосібір мемлекеттік университеті. Үздік бестікте Карлов атындағы чех университеті, Тартус университеті мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті бар.

Сонымен қатар, Quacquarelli Symonds жыл сайынғы жалпы әлемдік рейтингті ұсынды, оған 500 ЖОО кірген. Оны құрастыру кезінде оқу орнының ғылыми беделі, қызметкерлер арасындағы беделі, профессор-оқытушылар құрамының арақатынасы, шетел факультеттерінің саны мен шетелдік студенттер және өзге де артықшылықтары ескерілді. Бұл тізімде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 275-орын алды, ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті 371-орында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай