17 қараша 2015 14:11

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Жеті ата" шығармашылық ұжымы © "Жеті ата" шығармашылық ұжымы

Көне үрмелі аспапқа "Мес сырнай" бірыңғай атау беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Жеті ата" шығармашылық ұжымының өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл аспаптың "Желқобыз", "Желқабыз", "Жел саз", "Месқобыз", "Мес сырнай", "Қуық кеп" деген түрліше атаулары бар.  


Көне үрмелі аспапқа "Мес сырнай" бірыңғай атау беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Жеті ата" шығармашылық ұжымының өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл аспаптың "Желқобыз", "Желқабыз", "Жел саз", "Месқобыз", "Мес сырнай", "Қуық кеп" деген түрліше атаулары бар.  

Ұйым өкілдерінің айтуынша, "Жеті ата" шығармашылық ұжымы мен Халық музыкалық аспаптары музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері ұйытқы болып, ізденіс жолында жүрген шебер Азамат Бақия мен "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі көне үрмелі "Желбуаз" аспабын қайта жаңғырту жолында ұзақ уақыт еңбек атқарды. "Бұл аспап өнертанушы, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ұсынысымен "Желбуаз" аталғанымен "Желқобыз", "Желқабыз", "Жел саз", "Месқобыз", "Мес сырнай", "Қуық кеп" деген түрліше атаулары бар. Сондықтан аспапты халық алдына шығармас бұрын, оның атын бекітіп алу мақсатында ғылыми кеңес өткізілді", - делінген хабарламада.

Ғылыми кеңеске ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Жарқын Шәкәрім, доцент, күйші-домбырашы "Көкіл" музыка мектебінің директоры Абдулхамит Райымбергенов, дирижер Жалғасбек Бегендиков, аспаптанушы, т.ғ.д. Забира Жакишева, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Гүльфайруз Далбағай, ХМАМ-ның директоры және өзге де музыка саласының зерттеушілері қатысты. Ғылыми кеңе аспап атауы турасында талқылау, пікір-талас жасай отырып, нәтижесінде оны "мес сырнай"  деп атауды жөн көрді. "Мес сырнай" сөзі "мес" және "сырнай" сөздерін әдейі қосып айтқандықтан шыққан. "Мес" сөзі айтылғанда кез келген қазақтың санасында алдымен сүт тағамдары құйылған үлкен тері ыдыс елестейді. Ал, "сырнай" жеке үрмелі музыкалық аспаптың атауы. Меске сырнай аспабын жалғағандықтан пайда болған деген ұғым береді.

Алдағы уақытта мес сырнай аспабын қалың көпшілікке насихаттап, таныстыру мақсатында арнайы тұсаукесер шарасы өтпек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети