09 қараша 2017 13:54

Қыздар университеті әлемнің беделді университеттерімен ынтымақтастық орнатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу орнының Медиа орталығы Оқу орнының Медиа орталығы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Ресейдің Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті білім беру, ғылыми және мәдени байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының Медиа орталығына сілтеме жасап.


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Ресейдің Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті білім беру, ғылыми және мәдени байланыстар бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының Медиа орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының форумы қарсаңында Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова мен Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің ректоры Владимир Садырин өзара келісім орнатып, бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

Құжат академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер, профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасуды, бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруды, білім беру мен мәдени байланыстарды арттыруға бағытталған конференциялар, семинарлар мен жиындарды үйлестіруді қарастырады.

Сондай-ақ, меморандумда академиялық ақпараттармен, оқу-әдістемелік құралдармен және материалдармен бөлісу, өзара келісім-шарттар негізінде басқа да академиялық ынтымақтастықтар орнату көзделген.

Кездесуде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова қос жоғары оқу орнының ортақ ұқсастығы жайында сөз қозғап, тараптар ғылыми-мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға бағыталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.

"Тағылымды тәрбие мен өрісті білімнің іргелі ордасы атанған, көпшілік қауым «ізеттілік пен үлгі-өнеге отауы» деп ат қойып, айдар таққан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогикалық кадрлардың қалың шоғырын дайындауға сүбелі үлес қосып келе жатқан ұлағат ұясы. 70 жылдан астам уақыт белесінде ғасырларға татитын аса ауқымды өзгерістер болды. Қоғамдық қатынастар алмасты, құндылықтар жаңарды. Міне, осындай тарих тезінен өткен, білім мен ғылымды дамыту және қыздарға педагогикалық білім беру, белсенді азаматтық ұстанымы бар мамандар даярлау басты миссиясы болып табылатын оқу орнының 6 факультетінде 43 бакалавр мамандық бойынша, магистратурада 23 мамандық бойынша, 4 PhD мамандығы бойынша 9 мыңға жуық студент, магистрлер мен докторанттар білім алуда. Оларға 55 ғылым докторы, 230-дан астам ғылым кандидаты мен 90-ға жуық ғылым магистрі дәріс береді", - деді Гаухар Төремұратқызы.

Қазіргі таңда Қыздар университеті әлем елдерінің 19-дан аса жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Үндістан, Франция, Қытай, Германия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар.

Өз кезегінде Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің ректоры Владимир Садырин екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың арта түсетіндігіне сенім білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтті. Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін XIV аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға Қазақстан мен Ресейдің Білім және ғылым министрлері, 49 қазақстандық және 77 ресейлік жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Кеңес жұмысы әБілім - адами капитал сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор", "Заманауи жоғары оқу орнының инновациялық қызметін дамыту және ынталандыру", "Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын дамыту: жоғары білім берудің халықаралық өлшемі" атты бағыттар бойынша жүргізілді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети