Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мектеп – тексерушілер түстенер кафе емес

03 Маусым 2014, 16:02
0

2014 жылдың 27 ақпан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған №757 «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық күшіне енді. Жарлыққа сәйкес, 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды.

Сонымен бірге Н.Назарбаев мемлекеттік бақылауды жетілдіру саласында қабылданатын шаралар туралы хабарлады. «Жоспарлы тексеріс жүргізу тәжірибесі тоқтатылатын болады. Мемлекеттік органдар менің Әкімшілігіммен келісе отырып, тексерістерді айқындаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай жүйесін әзірлейді. Осы жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шын мәнінде тек заңнаманы бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерге ғана тексеріс жүргізіледі. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлде бармауға тиіс», - деді Қазақстан Президенті.

Жарлық шыққаннан кейін орта және шағын бизнесті оңды-солды, себепсіз тексеру түбегейлі тоқтамаса да біршама азайды. Заңсыз тексеру жүргізгендер жазаға ілікті. Нақты айтқанда заңсыз тексеріс жүргізген мемлекеттік органдардың 2343 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің әлеуметтік нысандардың тексерілуі мәселелеріне арналған отырысында мәлім болды.

Сәуле АЙТПАЕВА, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы:

– Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жүргізілген 77 тексеріс заңсыз деп танылды. Жалпы алғанда 2013 жылы прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша 990 тексеріс жүргізді. Оның барысында 11480 заңбұзушылық анықталды, оларды жою үшін 1303 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 27 мыңнан астам тексеріс жоспарға енгізілмеді, 3500 заңсыз тексерістің жолы кесілді. Бұдан бөлек, 13 361 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік органдардың 2 343 лауазымды тұлғасы әртүрлі деңгейдегі жауапкершілікке тартылды.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқыңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай