Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Наурызбай ауданында селден бүлінген мектептер қыркүйекке дейін жөнделеді

17 Тамыз 2015, 10:52
0
© Almaty.gov.kz
© Almaty.gov.kz

Алматы қаласының білім саласы 2015-2016 жылдардағы жаңа оқу жылына толық дайын. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен өткен жиында Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматылық мектеп оқушылары оқу құралдарымен толық қамтамасыз етіледі, мектептерге оқулықтар жүз пайыз тегін жеткізілген", - делінген хабарламада.

Мегаполистің 7 мектебінде құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Мұнымен қатар, жаздың аяғына дейін селден зардап шеккен Наурызбай ауданындағы №187, №188, №192 мектептерде жөндеу жұмыстары аяқталады. Алматы қаласындағы 202 мектептің 200 нысаны жаңа оқу жылына жүз пайыз дайын.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, "Нұрлы  жол" бағдарламасы  аясында Алматының Алатау ауданындағы №26 мектеп жанынан салынып жатқан 900  орынды қосалқы нысан және Әуезов ауданының Қалқаман ықшам ауданындағы №157 мектеп жанындағы қосалқы құрылыс 2016 жылы пайдалануға берілмек.

Жиын қорытындысы бойынша мегаполис басшысы Бауыржан Байбек тиісті құрылымдарға жаңа оқу жылына  сапалы дайындық жүргізуді және алдағы  жылу науқанына білім нысандарының толықтай  дайын болуын тапсырды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай