10 қыркүйек 2015 16:12

ОАР-дан адамның жаңа түрінің сүйектері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен адамның белгісіз түрінің сүйектері табылды, - деп хабарлайды The Telegraph. Бұл туралы Йоханнесбургтегі Витватерсрандский университетінің профессоры Ли Бергер мәлімдеді.


Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен адамның белгісіз түрінің сүйектері табылды, - деп хабарлайды The Telegraph. Бұл туралы Йоханнесбургтегі Витватерсрандский университетінің профессоры Ли Бергер мәлімдеді.

Бергер жетекшілік еткен экспедиция кезінде Йоханнесбург маңынан 15 адамның денесі табылды. Ғалымдар жаңа түрді таптық деген болжамға келіп отыр.


© AFP

Адамның жаңа түріне Homo naledi деген ат берілді. Бұл түрге жататын адамдардың бойы 1,5 метрден, ал салмағы 45 келіден аспаған. Homo naledi-дің жамбас сүйектерінің орналасуы аустралопитек Люсиге ұқсас, дегенмен иықтары тауда жүруге ыңғайлы болу үшін жақсы жетілген. Жаңа түрдің аяқтары адамдардың аяғына ұқсас. Бас сүйегі ертедегі адамдарға келгенмен, миының көлемі кішірек - апельсиннің көлеміндей.


© AFP

Денелердің көмілгені ғалымдарды таңғалдырды. Олар тек Homo sapiens қана адам өлгеннен кейін оны жерге көмеді деп ойлаған. "Біз бұған дейін жануарға қарағанда есті, ерекше түр туралы ойлаған едік", - деді Бергер.

Ғалымдар Homo naledi түріне тиесілі қалған денелерді іздеумен айналысатындарын айтты. Бергер алғашқы денелер табылған үңгірде тағы мыңдаған адамның сүйегі жатқан болуы мүмкін деген тұжырым айтты.


© AFP

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети