ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2019 | 12:18
Шымкентте 2023 жылға дейін 15 мектеп салынады
Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласын дамытудың Кешенді жоспарының негізгі бағыттары мен іс-шаралары туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. Кешенді жоспарда 10 бағыт бойынша 89 іс-шараны іске асыру қарастырылған.
"Бюджетке жүктемені азайту үшін жеке инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікке барынша назар аударылды. Мәселен, егер Жоспарды іске асыру үшін 1 284 миллиард теңге қажет болса, оның 836 миллиард теңгесі жеке инвестициялар есебінен іске асырылады, 68,1 миллиард теңгесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру көзделген", - деді Шымкент қаласының әкімі.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" блогында 30 іс-шара қарастырылған. Қала халқын жылумен, электр энергиясымен, газбен қамтамасыз ету үшін АГРС-3 және АГРС-6 электр шағын ст нацияларын салу жоспарланған.
"Көлік инфрақұрылымы" блогы бойынша 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған, онда әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалы салу, автомобиль жолдарын салу мен қайта жөндеу, сондай-ақ Шымкент қаласындағы оңтүстік айналма автомобиль жолына жоспарланған автожол көпірін салу қамтылған.
"Тұрғын үй құрылысы" блогында әкімшілік, іскерлік шағын аудандарда, "Шымкент сити", "Тұран", Қошқар ата өзенінің бойында көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген. 2023 жылға дейін барлық қаржыландыру көздері арқылы 319 көп қабатты үй (20 794 пәтер немесе 2 109,3 мың м2) салу жоспарланған. Бұл шғын аудандарға инженерлік желілер тартылады.
"Білім беру" блогы бойынша 23 500 орындық 15 мектепті салу қарастырылған, бұл 2023 жылға қарай үш ауысымдық мектептерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептер санын арттыру көзделген.
"Спорт" блогы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын адамдарды қамтуды 2023 ж. қарай 30 пайыз-ға арттыруы тиіс үш жобаны іске асыру жоспарланған. Оның бірі - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион реконструкциясы, ол UEFA және IAAF стандарттарына сай келетін болады.
"Мәдениет" блогы бойынша Конгресс орталық пен "Цитадель" музейін салу бойынша 2 ірі іс-шара жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтауды дамыту аясында жеке инвестициялар есебінен 1000 орындық көпбейінді аурухананы салоу жоспарланған. Бюджет қаражаты есебінен 13 бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек орталығы салынады.
"Абаттандыруды дамыту" блогы 4 іс-шараны қамтиды: велосипед және жаяу жүргінші жолын салу, Шымкент сити тұрғын үй алабында аумағы 47 га болатын саябақ салу, қала аумағында жасыл көшеттер саны мен жасыл желектерді көбейту.
Баяндамасын қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша 2023 жылға қарай ЖӨӨ 3,5 триллион теңгеден асады деп күтіліп отырғанын айтты, өнеркәсіп көлемі екі есеге өсіп, 60 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады.
Кешенді жоспардың қала мен жалпы ел экономикасы үшін әлеуметтік-экономикалық әсері туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн теңгені құрады. ЖІӨ республикалық көлеміндегі үлес салмағы - 3,4 пайыз. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,1 миллион теңгені құрайды. Еңбек өнімділігі - 4,4 миллион теңгеден астам. Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта жөндеуге инвестицияларды ескерумен инвестициялар көлемі 588 миллиард теңгеге жетті. Жергілікті экономика құрылымында 26,5 пайыз - өнеркәсіпке, 58,4 пайыз - қызметтерге тиесілі, оның ішінде 15,4 пайыз - сауда саласына.
Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қалаға жаңа даму серпінін беруге бағытталады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жоспарды жүзеге асыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді: орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 93 пайыз-дан 98 пайыз-ға дейін өседі; табиғи газбен қамтылуы 92 пайыз-дан 98 пайыз-ға дейін өседі; қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 59,4 пайызға дейін ұлғаяды.
Қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс және сауда секторларының үлесін арттыру күтіледі.
Бұл көлемді қамтамасыз ету үшін инвстициялар деңгейі 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ 30 пайыз-на дейін немесе жылына 10 трлн теңгеге дейін жеткізіледі. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 есе көп.
"Шымкенттің экономикалық әлеуеті зор. Инфрақұрылымға, энергетикаға, туризмге және қызмет көрсету секторына біршама инвестиция салынады. Мұның бәрі жылына 5,5 пайыз-ға өңірлік экономиканың нақты өсімін қамтамасыз етеді. Бұл республикалық мәнінен жоғары (4,2 пайыз). Экономикалық белсенділік тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді", - деп түйіндеді Дәленов.
Показать комментарии
Читайте также