25 ақпан 2016 17:24

Шымкентте ҰБТ-ға дайындайтын тестілеу орталығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі © Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте Қазақстанға танымал UStudy.kz онлайн тестілеу орталығының алғашқы бөлімшесі ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Жасөскіннің білім деңгейін көтеріп, өзін үздіксіз шыңдай түсуі үшін осындай тестілеу орталықтары көптеп ашылуы керек. Біз қаламыздағы мектеп оқушыларының білім сапасын республикада  алдыңғы орынға шығаруымыз үшін осындай орталықтар қажет", - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Айта кетейік, сайтта 5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9000-нан астам тест сұрақтары жинақталған. Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300-ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған.

"Бұл орталық мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындалуға жəне сəтті тапсыруға көмектеседі. Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, видео сабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети