16 шілде 2019 15:50

"Туймаада" олимпиадасы: Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстан олжалы қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tuymaada.lensky-kray.ru © tuymaada.lensky-kray.ru

Саха Республикасында (Якутия) математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық "Туймаада" олимпиадасына Қазақстан құрама командасы қатысып, жүлделі оралды. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңімпаздардың қатарында Атырау қаласы дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушысы Мырзатаев Айбек алтын медаль - жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (математика); Нұр-Сұлтан қаласы "Республикалық физика-математика мектебінің" оқушысы Қалдыбаев Рауан алтын медаль - жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (физика); Уразгулов Арман, Алматы қаласы Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі, күміс медаль (математика); Серикбаев Исламхан, Қызылорда қаласы облыстық дарынды балаларға арналған №9 "Білім-инновация" лицей-интернаты, күміс медаль (физика); Тұрсынбай Дінмұхаммед, Алматы қаласы мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты, күміс медаль (информатика); Янченко Алексей, Алматы қаласы "Республикалық физика-математика мектебі", қола медаль (физика); Абдугафарова Кибриянур, Шымкент қаласы № 2 дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты, қола медаль (химия).

Олимпиадада Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және Қазақстаннан 154 оқушы бақ сынасты. Қазақстаннан олимпиадаға жалпы саны 17 оқушы қатысты.

Олимпиада екі күн бойы жеке біріншілікте төрт пән бойынша, атап айтқанда математика, физика, химия және информатика пәндерінен екі кезеңнен өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети