24 қаңтар 2018 17:01

"Үй тапсырмасы болмайды" дегенге өз басым қарсымын - Күләш Шәмшидинова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды. Осыдан кейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрлігіне аталған мәселені реттеуге тапсырма берді. Өз кезегінде аталған министрліктің жауапты басшылары оқушылардың жүктемесінің қалай азаятынын журналистерге түсіндіріп берді. Осы тұста "үй тапсырмасының азаюы білім сапасына кері әсерін тигізбей ме?" деген сұрақ туындайды. Аталған мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.
 
"Бұл мәселеге қатысты жеке пікірімді білдіремін. Мұндай қорқыныш бар. Мен "үй тапсырмасы болмайды" дегенге өз басым қарсымын. Бірақ үйге бірден 100 есепті немесе бір күнде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен «шығарма жазып кел» деуге болмайды. Үй тапсырмасы болуы қажет және бала оны орындауы керек. Алайда оның көлемін, тапсырманың қалай орындалу қажеттігін мұғалімдер өзара келісіп алуы шарт. Егер бала оқыған дүниесін қайталап отырмаса, ол мида қалмайды. Кейін бала мектепте өткен сабақты ұмытып қалады. Сондықтан үйге тапсырма бермей қоюға болмайды", - деді ол.

Осы орайда Күләш Шәмшидинова балаларды жастайынан еңбекке баулу қажеттігін айтты.

"Мен жақында Гонконгтен оралдым. Онда балалар мектепке таңғы 8.30-да келеді. Сағат түскі 15:45-те білім ордасынан шығады. Жалпы ол жақта оқушылар 7 сағат 15 минут мектепте білім алады. Оның ішінде 1 сағат оқушылар түскі асқа шығады. Гонконг бүгінде білімге баға беретін халықаралық тестілерден алдыңғы қатарда тұр. Біздің балаларымыз да мектепте сонша уақыт өткізеді. Осы орайда мен «бұл өмірде ешнәрсе оңай келмейтінін» айтқым келеді. Мақсатыңа жетуің үшін еңбектенуің керек. Арқаң терлеуі қажет. Үй тапсырмасын орындау да еңбек. Біз бүгіннен бастап, баланы еңбектенуге үйретпесек, ертең ол ер жеткенде өз бетімен жұмыс істеп кетпейді. Сондықтан оқушыны мектептен бастап, еңбекке баулу қажет", - деп түйіндеді сөзін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы.

Еске салайық, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Қарынова оқушыларға түсетін жүктеменің қалай жеңілдетілетінін айтып берген еді

"БҒМ бұйрығы бойынша, бүгін оқушылардың үй тапсырмасы 150 минуттан аспайтын болды. Сонымен қатар, демалыс күндері мен мереке күндеріне көркем мәтіндер мен ғылыми жобаларды орындаудан өзге үй тапсырмасы берілмейді", - дейді департамент басшысы үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети