07 тамыз 2015 11:25

Үйдің кілтін алмастыра алатын теріасты чиптері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Ғалымдар тері астына RFID чиптерін енгізуді меңгерді, олар үйдің немесе сейфтердің кілттерін алмастыра алады немесе адамның жеке тұлғасын тез теңестіруге мүмкіндік береді, - деп жазады Avitela.ru сайты.


Ғалымдар тері астына RFID чиптерін енгізуді меңгерді, олар үйдің немесе сейфтердің кілттерін алмастыра алады немесе адамның жеке тұлғасын тез теңестіруге мүмкіндік береді, - деп жазады Avitela.ru сайты.

Чипті алғашқылардың бірі болып орнатқан Сандро Портнердің айтуынша, үйдегі қабылдағыш құрылғы арқылы енді оның алақаны әлсіз радио-сигналын береді. "Мен мұны міндетті түрде орнату керек демеймін, бірақ жаңашыл технологиялар үрдістеріне әуестеніп, оның мүмкіндігіне өз бетімше көз жеткізгім келді", - дейді жігіт. Ол қолын қозғау арқылы үйінің есігін ашып, жаба алады, сонымен қатар, ұялы телефонындағы кейбір функцияларды пайдалануға мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, RFID чиптері медицинада көмектесе алады. Дәрігер Сандро Каррараның мәліметінше, дененің белгілі бір бөлігіне орналастырылған датчиктер обырға шалдыққан жасушаларды анықтай алады және дәрінің қажетті дозасын белгілеп береді. 

Айта кетейік, бұл технология Стокгольмдағы банктердің бірінде белсенді түрде қолданылады. Банк өз қызметкерлеріне теріасты чиптерін орнатқан, бұл құрылғылар сейфтерді ашатын арнайы карталардың орнын алмастырды. Сонымен қатар, банк жүйесі чипі бар адамға құпия құжаттарды басып шығарып алуға және бірқатар қаржы операцияларын жүргізуге жол ашады. Мамандардың айтуынша, мұндай жүйені бұзу мүмкін емес.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети