Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ыстықкөлде ежелде өмір сүрген белгісіз жануардың қалдықтары табылды

13 Наурыз 2016, 16:43
0
© vb.kg
© vb.kg

Ыстықкөлде жергілікті тұрғындар ежелде өмір сүрген жануардың қалдықтарын тауып алды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек" Қырғызстан үкіметінің өңірдегі құзырлы өкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жырғалаң өзенінің жоғары жағындағы құлама жарға жақын маңда орналасқан ауылдық жерде қазба жұмыстарын жүргізу барысында жануардың басының жоғарғы бөлігі, азуы мен тістері табылды. Оның қандай жануардыкі екені әзірше белгісіз, алайда негізгі екі нұсқа бар - ол мамонттың немесе мастодонттың сүйектері болуы мүмкін. Жануардың қалдықтары табылған жер қоршалып, күзет қойылды.

Жақында бұл жерге Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары келеді деп күтіліп отыр. "Жануар қалдықтарының Ыстықкөлден тарих және мәдениет жылында табылуының символдық мәні бар, оның Ыстықкөл облысының климаты мен биологиялық әртүрлілігі жайында жаңа мағлұматтар алуға мүмкіндік берері сөзсіз, сонымен қатар, тарихшылардың, археологтардың және палеонтологтардың іздеулеріне шабыт береді", - деді Қырғызстан үкіметінің өңірдегі құзырлы өкілі Асхат Акибаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай