03 қыркүйек 2014 19:42

16 жастағы қазақстандық Косоводағы Miss Freedom of the World байқауында жүлделі орынды иемденді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық киім байқауының ең үздік бестігі. Фото ресми сайттан алынды. Ұлттық киім байқауының ең үздік бестігі. Фото ресми сайттан алынды.

Көкшетаулық Алина Анисимова Косовода өткен Miss Freedom of the World - 2014 - халықаралық сұлулық байқауында жүлделі орын иемденді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетаулық Алина Анисимова Косовода өткен Miss Freedom of the World - 2014 - халықаралық сұлулық байқауында жүлделі орын иемденді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл сайын өтетін байқаудың әртүрлі кезеңі бары белгілі. Соның екеуінде, яғни "Мисс Бикини" және "Ұлттық киімдегі ханшайым" кезеңдерінде қазақстандық екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар 16 жастағы модель  Miss beauty smile ("Ғажап күлімсіреген ханшайым") номинациясының иегері атанды.

Негізінен, әу баста Miss Freedom of the World - 2014 - халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан 24 жастағы алматылық Ақерке Бердірахман баруы тиіс болатын, бірақ ол отбасылық жағдайына байланысты бұл сапарға аттана алмады.

"Мен байқауға баратындығым туралы 8 тамызда естідім, ал 14-інде ұшуымыз керек. Бұл - дайындық үшін аз уақыт, жыл бойына көптеген байқауға қатысып, сыннан өткен тәжірибемнің арқасында мен жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, Қазақстанның атына кір келтірмедім. Мен жеңіске ғана сенім артып бардым, бірақ ұлттық директордың қателігі салдарынан қорытынды кезеңге шыға алмай қалдым. Билетті 30 тамызға немесе 2 қыркүйекке сатып алу керек деген таңдау болды. Менеджер қорытынды кезең 29-ы болады, билетті 30-на ал деді. Әрине, өкінішті, көзден жас та кетті. Бірақ маған бәрібір тәж берді. Ал тәжді ең үздік бестікке енген қыздарға ғана ұсынады. Менің өз-өзіме көңілім тоқ, бірақ жеткен жетістігіммен тоқтап қалмаймын" - дейді Алина Анисимова.

Miss Freedom of the World - 2014 Алинаның қатысып отырған бірінші байқауы емес. Оның модель ретіндегі карьерасы бір жыл бұрын "Көкшетау аруы" аймақтық байқауында екінші орынды иемденген кезде басталған болатын. Бір жылда Алина Анисимова сегіз байқауға қатысып, оның жетеуінде жүлделі орындарды иемденген.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети