Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

16 жастағы оқушы "Павлодар Аруы-2015" атанды 28 мамыр 2015, 10:25

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бикинимен шығу дәстүрі спорттық номерге ауыстырылды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Данияр Сүмекенов © Данияр Сүмекенов

16 жастағы мектеп оқушысы "Павлодар Аруы-2015" жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық жастар саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Жеңімпаз тәжі мен атағына ие болған ару - павлодарлық №20 мектеп лицейінің оқушысы София Шарикова. Қыз қарсыластарынан байқаудың үш түрінде де басып озды, әділ қазылар алқасын өзінің табиғилығымен және ой-өрісінің кеңдігімен тәнті қылды.

"Өткен жылы мен біздің лицейдің оқушысы Әмина Қожанованың қалай Павлодар вице-аруы болғанын көрдім, кейін ол Қазақстанның вице-аруы атанды, сондықтан мен де өз бағымды сынап көруге шешім қабылдадым. Кастингтен кейін менің қолымнан бәрі келеді деген сенімділік пайда болды. Сендім, үміттендім және қолымнан келгені үшін қатты қуаныштымын", - дейді София Шарикова.

София Шарикова. © Данияр Сүмекенов

"Павлодар Аруы-2014" Әлия Сексембаева жеңімпаз тәжін жас аруға тапсырды.

© Данияр Сүмекенов

Мадина Бейсембаева "Павлодар І вице-аруы-2015" атанды.

Мадина Бейсембаева. © Данияр Сүмекенов

Ирина Бондарь - "II вице-ару".

Ирина Бондарь. © Данияр Сүмекенов

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бикинимен шығу дәстүрі спорттық номерге, ал кешке арналған көйлектер көрсетілімі "Қалыңдықты ұзату" мен қалыңдық көйлегі дефилесіне ауыстырылды.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram