Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2015 жылғы жаңа есімдер

30 Желтоқсан 2015, 15:06
0
© Кazvip.kz
© Кazvip.kz

2015 жылы қазақ эстрадасы жаңа әншілермен толықты. "Гәкку" арнасы елімізде биыл танымал болған әншілердің тізімін жасады.

Биыл көптеген нағыз талант сахнаға шығып, өз өнерлерін паш етті. Ерболат Беделханның Ninety One атты жаңа жобасы отандық шоу-бизнеске қадам басты. Топ алғашқы әнжинағын жарыққа шығарып, өз тыңдармандарын да тауып үлгерді.

Еліміздегі бас продюсер атанған Баян Есентаева төрт жігіттен тұратын "Алау" тобын көпшілікке көрсетсе, Алуа Қонарова "Renzo" тобын таныстырды.

Қазақ сахнасында өз орны бар "Kesh You" тобы да биыл құрамын өзгертті. Осылайша, топқа қосылған жаңа қыздар өз шығармашылығына кірісті. Сонымен қатар, 2015 жылдың жаңа есімі ретінде Бауыржан Ретбаевты да айта кеткен жөн. "Қазақстан дауысы" жобасының былтырғы жеңімпазы биыл алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды.

2015 жылдың жаңа есімдерінің қатарына Зейнешті де қоса кеткен дұрыс болар. Ол "Тентек" тобынан бөлініп шығып, жеке шығармашылығын бастады.

Жыл басында жеке шығармашылығын бастаған Кәмшат Жолдыбаева да бұл тізімге ілікті. Ол бірнеше бейнебаян түсіріп, көпшіліктің назарына ұсынды.

Жыл жаңалығына атыраулық рэпер МС Сайлаубекті де жатқызуға болады. Интернетте жарияланған видеолар арқылы танымал болған өнерпаз қазір сапалы әндер жазуды қолға алды.
 
 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай