Forbes ең табысты әншілердің тізімін жариялады

03 Қараша 2016, 09:32
0
Forbes ең табысты әншілердің тізімін жариялады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Forbes мәліметінше, америкалық әнші Тейлор Свифт әлемдегі ең табысты әншілердің рейтингінде көш бастап, 2016 жылы 170 миллион доллар табыс тапқан, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, әнші "1989" атты концерттік турын өткізген кезде осындай табысқа жеткен.

Ал рейтингтің 2-орнына ұлыбританиялық әнші Адель тұрақтады. Оның жылдық табысы 80,5 миллион долларды құраған. Сондай-ақ, алғашқы үштікте 2016 жылы 76,5 миллион доллар тапқан әнші Мадонна да бар.

Айта кетейік, рейтингтің алғашқы ондығында Рианна (75 миллион), Бейонсе (54 миллион), Кэти Перри (41 миллион), Дженнифер Лопес (39,5 миллион), Бритни Спирс (30,5 миллион), Шанайя Твейн (27,5 миллион) және Селин Дион (27 миллион) бар.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай