03 қараша 2014 16:04

Instagram желісінде қазақстандық жұлдыздардың бір айдағы үздік суреттері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж Фотоколлаж

Қазақстандық жұлдыздардың Instagram желісінде 2014 жылдың қыркүйек айындағы ең танымал суреттері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық жұлдыздардың Instagram желісінде 2014 жылдың қыркүйек айындағы ең танымал суреттері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kaznet Magazine мәліметі бойынша, волейболшы Сабина Алтынбекова көш бастады. Оның суреті бір ай ішінде 34 131 лайк жинап, танымал суреттердің ТОП-10-ы ішінде бірінші орын алды. Айта кетейік, бүгінде спортшы қыздың 347,476 жазылушысы бар. Бірақ лайктардың жалпы саны бойынша волейболшы тек жетінші орыннан көрінді.

Бір ай ішінде жалпы лайктар санымен продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаева алда тұр. Бір ай ішінде ол өз жазылушыларынан 1 205 500 лайк жинады және күн өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Қазіргі уақытта оған 349 108 қолданушы жазылған. 

Рейтингте жалпы лайк саны бойынша екінші орында әнші Айқын тұр, ол 934 378 лайк жинады. Одан кейінгі орында әнші Мақпал Исабекова келеді - 804 962 лайк, әнші Әли Оқапов - 698 088, Бүркіт - 607 779, Қайрат Нұртас - 551 866, спортшы Сабина Алтынбекова - 423 809, әншілер Әсел Сәдуақасова - 418 935 және Қарақат - 271 533.

Қайрат Нұртас Геннадий Головкиннің жекпе-жегі кезінде.

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаевамен.

Мақпал Исабекова.

Әнші Беркут баласымен.

Әсел Сәдуақасова.

Қарақат пен Қыдырәлі Болманов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети