19 қараша 2014 12:48

People журналы ең тартымды еркекті анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Австралиялық актер Крис Хемсворт. ©REUTERS Австралиялық актер Крис Хемсворт. ©REUTERS

Көзі тірі танымал адамдар арасындағы ең тартымды еркек анықталды, - деп хабарлайды People журналы. Ең тартымды азамат "Кек алушылар" ("Мстители") және "Жарыс" ("Гонка") фильмдері арқылы танымал австралиялық актер Крис Хемсворт болды. 


Көзі тірі танымал адамдар арасындағы ең тартымды еркек анықталды, - деп хабарлайды People журналы. Ең тартымды азамат "Кек алушылар" ("Мстители") және "Жарыс" ("Гонка") фильмдері арқылы танымал австралиялық актер Крис Хемсворт болды. 

31 жастағы актер мен оның әйелі - актриса әрі модель Эльза Патаки ең тартымды азамат мәртебесін беру туралы жаңалыққа "қызықты ермек" деп пікір білдірді. Хемсворт әйеліне енді бірнеше апта бойы ыдыс-аяқ жумауға, балалардың жөргегін ауыстырмауға болатын жағдайда екенін мәлімдей алатынын айтып әзілдеді. Айта кетейік, бұл жұптың үш баласы бар - Индия есімді қыз 2,5 жаста, Саша және Тристан деген сегіз айлық егіздер. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы People журналы "ең тартымды азамат" мәртебесін Maroon 5 тобының солисі Адам Левинге (Adam Levine) берген еді. Сол кезде музыкант журнал редакциясының таңдауына қатты таңғалғанын жеткізді. "Мен музыкант ретінде Grammy сыйлығын күттім, бірақ мұндай мәртебені еш күтпедім", - деді Левин. "Мен қатты таңғалдым, есеңгіреп те қалдым, содан кейін мұны біреудің әзілі екен деп ойладым, сөйтсем олар әзілдемепті. Бұл керемет қой", - деді ол. Айта кетейік, 2012 жылы бұл мәртебеге америкалық актер Ченнинг Татум лайықты болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети