24 ақпан 2018 09:09

Абай әндерін орындаған америкалықтар жұртты тамсандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Семейде Абайдың шығармаларын орындаған америкалықтар жұртты тамсандырды, деп хабарлады КТК.


Семейде Абайдың шығармаларын орындаған америкалықтар жұртты тамсандырды, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Абай шығармашылығына америкалық жас музыканттар қызығушылық танытуда. Семейге келген Humming House тобы ұлы ақынның әндерінің әуенін орындап жергілікті жұртты тамсандырды.

Шетелдік жас өнерпаздар аспаптарына ұлы Абайдың екі әнін бас-аяғы бірнеше сағаттың ішінде салып алған екен. Енді олар мұны өздерінің топтамаларына қосып, АҚШ-та да орындамақ ниетте. Бұлар жергілікті жас музыканттарға шеберлік сағатын өткізген сәтте шырқап берді.

Топ мүшелері құрылғаннан бергі жеті жылдың ішінде қанша елді араласақ та, дәл рухани жағынан Қазақстаннан асқан бай елді көрмегенін айтады. Қазақ жеріне алғаш рет келген олар келешекте Абай шығармашылығымен толық танысуды жөн санап отыр. 

"Біз Абай шығармашылығына ерекше ден қойдық. Ол бізге бірден ұнады. Осылайша, жергілікті студенттердің қолдауымен әнді аспаптарға салып алдық. Мұны Алматы мен Астанада да орындаймыз", - деді музыкант Джастин Вайд (АҚШ).

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети