24 қыркүйек 2017 09:38

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет сырын айтты: Мені ешкім тастап кеткен жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, "КешYou" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram желісінде оқырмандарын күйеуі - белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен ажырасуы жайлы қиялдай бермеугі шақырды. Оның айтуынша, баласы мен өзі өтірікті көтермейді. 

"Құрметті ақылдылар! Жұмбақ шешіп, қиялдап, ойдан құрастырудың қажеті жоқ. Ешкім де мені ТАСТАП КЕТКЕН ЖОҚ, айырылысуға бастамашы болған мен. Оның отбасыға деген мұндай қарым-қатынасы қарсы болдым. Алдыңғы отбасыларына қарағанда ұлымыз екеуміз оның өтірігіне көніп жүре бермейміз. Бұл адам алдыңғы отбасыларына осындай қарым-қатынас жасаған, біреу шыдап жүре береді, ал мен көнбеймін! Не жасасаңыз да, бумеранг заңы дер кезінде келеді. Қандай жағдай болса да бір ғана адам кінәлі болмайтынын түсінемін. Бірақ әркімге өзіне лайық нәрсесі келеді. Тағдырдан өз басым керемет ұлымды сыйға алдым", - деп жазды әнші. 

Еске салайық, актер мен әншінің көңіл қосқаны туралы мәлімет жасырын болған еді. Ал кейін Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттің ұл босанғаны белгілі болған. Бірақ таяуда Сейітмағамбет әзілкешпен ажырасып тынғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети