07 қыркүйек 2017 10:24

Ақтөбелік қонақүйдің иелері "Иванушки International" тобының солисі айтқан сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© НТВ © НТВ

"Иванушки International" тобының солисі Андрей Григорьев-Апполоновты таңғалдырған қонақүйдің иелері болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Диапазон". Басылымның мәліметінше, Андрей Григорьев-Апполонов тоқтаған қонақүй облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Сыдықовтың отбасына тиесілі.


"Иванушки International" тобының солисі Андрей Григорьев-Апполоновты таңғалдырған қонақүйдің иелері болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Диапазон". Басылымның мәліметінше, Андрей Григорьев-Апполонов тоқтаған қонақүй облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Сыдықовтың отбасына тиесілі.

Қонақүйді депутаттың әйелі Қалауша Садықова басқарады екен. Сондай-ақ, ол Ақтөбедегі қонақүй бизнесін рестораторлар мен жұмысшылар ассоциациясы басшысының орынбасары. Осылайша, журналистер "Иванушки International" тобының солисі тоқтаған қонақүйде болып қайтты. Олардың айтуынша, телевизор жұмыс істеп тұр, тоңазытқышта су болды, бірақ телефон сол күйі жұмыс істемей тұр. Сонымен қатар, қонақүйдің интерьерінің өте бай екені айтылады: дивандарында түрлі моншақтар мен әдемі люстралар.

"Біз жаңа жиһаз сатып алдық, жиһаздардың орнын ауыстырып тастадық. Сондықтан да айнаның алдында тұруы тиіс фенді орнына қоюды ұмытып кетіп, оны диванның үстінде қалдырып кетіппіз. Розетка жайлы айтатын болсақ. Ол жерде тоңазытқышқа жалғайтын жалғастырғыш тетік болды, бірақ келушілер оларды ұрлап кетіп жатады. Ал сол күні біз тоңазытқышты тек тоқка жалғамаған болатынбыз. Телевизор жұмыс істеп тұрды, оны тек спутник желісіне қосу керек еді. Телефон әлі сатып алмадық, себебі станцияға әлі ақша төлемедік. Сондықтан телефондар бізде желіге қосылмаған. Бірақ біз клиенттерімізге ұялы телефондарды береміз. Қонақүйіміздің жұмыс істеп жатқанына шамамен бір жыл ғана болды. Қайта әншінің ескертуіне қуанып отырмыз. Мен сынды дұрыс қабылдаймын", - деді Қалауша Садықова.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Иванушки International" тобыының солисі Андрей Григорьев-Апполонов Ақтөбедегі қонақүйлердің бірінің дизайнына қатты таңданыс білдірген еді. Ол қонақүйдің нөмірі түсірілген видеоны өзінің Instagram желісінде жариялаған болатын.

"Бұл қонақүйдің дизайны "жататын фенмен" мақтана алады. Ханымдар мен мырзалар, тамашалаңыздар.  "Иванушкамимен" гастрольге қош келдіңіздер", - деп жазған еді Андрей Григорьев-Апполонов.

 

Всем привет. Меня очень долго не было в Instagram, Fb и Twitter , потому что не было слов, сил и желания. Пять дней назад у моей любимой сестры Юлии было 40 дней, и,пожалуй, я до сих пор остаюсь в полном опустошении. Но время идёт, а жить надо. Поэтому я снова с вами. Должен вам сказать, что единственное, что меня спасало все эти дни,кроме вашей поддержки – это концерты Иванушек. Именно на них я абсолютно забывал о моих трагедиях, которые произошли этим летом. Спасибо всем,кто мне соболезновал и сочувствовал.Жизнь продолжается! Берегите себя и близких! Ну и сразу небольшая видео зарисовка из чудесного города Актюбинск! Чудеса дизайнерской мысли! Улыбайтесь, господа, улыбайтесь! #жизньпродолжается

Публикация от Григорьев-Апполонов Андрей (@ryrik)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети