14 наурыз 2018 17:18

Әлемдік шоу-бизнестегі ең жарасымды жұп айырылысқандарын мәлімеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Супермодель Джиджи Хадид пен әнші Зейн Малик БАҚ беттерінде айырылысқандары жайлы мәліметті ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Супермодель Джиджи Хадид пен әнші Зейн Малик БАҚ беттерінде айырылысқандары жайлы мәліметті ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Шоу-бизнестегі жарасымды әрі әдемі жұп болып танылған олар журнал беттері мен Instagram желісінде бірге түскен суреттерін жариялап отыратын. 

"Айырылысу дегенді адам өз басынан өткізбеген соң бірдеңе деп айту қиын. Бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болып, талайды көріп, өміріңді өзгертуге септігін тигізген адаммен айырылысу әрине қиын. Мен оның махаббатына алғысымды білдіремін. Оған тек бар жақсылықты тілеймін. Кез келген бастамасын қолдауға дайынмын. Алда не боларын уақыт көрсете жатар", - деп жазды Джиджи Twitter желісіндегі микроблогында. 

"Біз Джиджи екеуіміз керемет уақытты өткіздік. Мен оны қыз ретінде дос ретінде қатты сыйлаймын. Оның жаны таза. Қолдау білдірген барлық фанатқа алғысым шексіз. Біз осы жаңалықты өзімізден естігендеріңізді қаладық. Барлығыңызды жақсы көреміз", - деп жазды Зейн.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети