29 шілде 2017 13:25

Алла Пугачеваның немересінің тойында тілек айтқан видеосы желіде көптеп қаралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Алла Пугачева немересінің тойында отбасылық өмірдің басты заңы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алла Пугачева немересінің тойында отбасылық өмірдің басты заңы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джемал Махмудов атты қолданушы Facebook әлеуметтік желісінде Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняковтың тойында айтқан тілегінің видеосын жариялады. Видео бір тәулікте 3,5 мың рет қаралған. 

"Отбасылық өмірдің басты заңы - ұрсысып қалсаңдар, ешқашан үйден шығып кетпеңдер. Басқа бөлмеге барыңдар, есікті жауып алыңдар, білмеймін, есікті қағыңдар. Бірақ уақыт өте сен бөлмеден шығып өмірің ары қарай жалғасады. Бірақ үйден ешқашан шығып кетпеу керек", - дейді Пугачева. 

27 шілдеде ресейлік музыканттар Кристина Орбакайте мен Владимир Пресняковтың ұлы - Никитаның үйлену тойы болды. Ол 20 жастағы Алена Красноваға үйленді. Той дүркіреп өтіп, оған ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарының бәрі келген. 

© Instagram.com/maxgalkinru

Мұның алдында Никита Пресняков қазақстандық Аида Қалиевамен кездесіп жүрген болатын. Олар Нью-Йоркте танысқан. Алғаш рет олар көпшілік алдына 2010 жылы бірге шыққан болатын. Олардың отбасын құратыны туралы көп қауесет тарағанымен, алайда, кейін жұптың айырылысып кеткені белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети