13 қазан 2017 19:20

"Алматыда жоқ-жоқ": Ерке Есмаханның әні америкалық әншілерді басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстандық әнші Ерке Есмаханның "Қайда?" клипі Youtube видеохостингіндегі VEVO арнасында қаралым саны бойынша рекорд орнатып жатыр. Үш айда ролик 30 миллион рет қаралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық әнші Ерке Есмаханның "Қайда?" клипі Youtube видеохостингіндегі VEVO арнасында қаралым саны бойынша рекорд орнатып жатыр. Үш айда ролик 30 миллион рет қаралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің клипі танымалдық жағынан шетелдік орындаушылардан асып түскенін айта кетейік. Мәселен, VEVO арнасында Eve және Alicia атты америкалық әншілердің "Gangsta Lovin" клипі 20,4 миллион рет қаралған. Видео 2009 жылы жарияланған болатын. 

Танымал әнші Дженнифер Лопестің латиноамерикалық бидің тамаша көріністері бар "I'm glad" клипін осы арнада алты жыл ішінде 17 миллион рет қараған. Ал америкалық әншінің алдыңғысынан кем түспейтін ''I'm into you'' әніне түсірілген клипі 2011 жылдан бері 20,8 миллион рет қаралған. 

Қазір "Қайда?" әні өте жылдам таралып жатыр. Оны қазақстандық вайнерлер бензин тапшылығына қатысты өзгерте орындап, "Бензин қайда?" атымен Youtube видеохостингінің XAXA SHOW арнасынада жариялаған. Тіпті Энергетика министрлігі бұл әзілді клипке қатысты пікір білдіріп, бензинге қатысты жақын арада жақсаратынына уәде берді. 

Вайнерлерден бөлек, бұл әнді қырғызстандық Гүлназ Шыныбекқызы де орындаған. Оның бұл әнді орындауы Ерке Есмаханның өнеріне табынушылар арасында үлкен дау тудырған болатын. Кейбір Желі қолданушылары Ерке Есмахан қазақстандық әншілердің әдетінше қырғыз әнін аударып алған деген де болжам жасады. 

Алайда қазақстандық композитор Қайнар Алагөзов Tengrinews.kz  тілшісіне берген сұхбатында бұл әнді өзі жазғанын, ал қырғызстандық әнші кейбір қала атын ауыстырып, орындағанын айтқан. Дегенмен композитор бұған қарсы еместігін де айта кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети