Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әнші Динара Қырықбаева ұзатылды

25 Мамыр 2015, 11:26
0
© Neke.kz
© Neke.kz

Танымал әнші Динара Қырықбаева ұзатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Neke.kz порталына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, ұзату тойы 24 мамырда Алматыда өтті.

Тойға қазақ эстрадасындағы танымал әншілер Құралай мен Мирас, Меруерт Түсіпбаева, Әділет Жеңіс, Қайрат Түнтеков, Сейфуллин Жолбарыс, "Ринго" тобының мүшелері келді.

Тойды актер әрі асаба Азамат Сатыбалды жүргізді. 

Тойға келген құдалар қатарында әнші Гүлнұр Оразымбетова да болды.

Мейрамхана Динараның сүйікті күлгін түсімен безендірілді. Тойда "Дариға шоу" орталығы би мен әннен шашу шашты.

5 мамырда Динара Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісінің тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын айтып, сүйінші сұраған болатын. 10 мамырда әнші Гүлнұр Оразымбетова Динараға сырға салғандарын, оның өзіне келін болатынын хабарлады. Айта кетейік, Динараның күйеу жігіті 1985 жылы туылған Олжас есімді жігіт. Ол Талдықорған қаласының тумасы.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай