05 наурыз 2018 12:34

Әнші Динара Сұлтан бесінші баласын дүниеге әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Comode.kz © Comode.kz

Әнші Динара Сұлтан ұлды болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында ұлының салмағы - 3 келі 600 грамм және бойы - 54 сантиметр екенін жазды. 


Әнші Динара Сұлтан ұлды болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында ұлының салмағы - 3 келі 600 грамм және бойы - 54 сантиметр екенін жазды. 

"Қош келдің Ұлым менің. Жылы тілектеріңізге рахмет достарым. 3600. 54. 04.03.2018 #5", - деп жазды Әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Өткен жылы отандық телеарналардың бірінде Динара Сұлтанның жолдасының есімі тұңғыш рет жарияланған еді. Динарадан 17 жас үлкен жарының есімі - Ерлан Қожасбай. 

Динара Сұлтан (Қоскелдиева) 1986 жылы, 8 желтоқсанда Атырау қаласында туған. Динараның музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқала бастаған. Музыкадан алғашқы сабақты өз анасынан алған. Мектеп кезінде ол тек жақсы оқып қана қоймай, талай рет музыкалық конкурстарға қатысып, бас жүлделерді иеленген. Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара тоғызыншы сыныпты бітіріп, музыка колледжіне түсу үшін оңтүстік астанаға келеді. КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглу Константинович сыныбына түседі.

2006 жылы колледжді бітірген соң, білім алуын ары қарай жалғастырып, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Өнер Академиясына түседі. Бұл жерде де Лаки Кесоглу сабақ беретін болады.

2006 жылы "SuperStar kz" республикалық конкурсынаа қатысып, финалға дейін барады. Кейін Қазақстанның әйгілі China Town тобында өнер көрсетеді. 2009 жылы ЖОО-ны бітіргеннен кейін, "Динара Султан" атымен жеке әнші ретінде елге таныла бастайды. 2010 жылы "Екі Жұлдыз" телешоуына қатысады. "Найди меня", "Сенің ғана", "Киелі мекен" және "Энергия любви" "әндеріне клип түсірілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети