19 шілде 2016 09:44

Әнші Настя Каменскихтің әуеде парашюті ашылмай қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Настя Каменских. © Instagram Настя Каменских. © Instagram

Украиналық атақты әнші Настя Каменских парашютпен секіру кезінде өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Tabloid.com.ua.


Украиналық атақты әнші Настя Каменских парашютпен секіру кезінде өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Tabloid.com.ua.

Әнші тірі қалды, бірақ оған ота жасалған. "Құдайға шүкір! Аман қалдым! Жай ғана қорқып қалдым десе де болады. Отаны дер кезінде жасағаны дұрыс болды, енді мен тез қалпыма келемін. Мен еш уақытта экстримге қызыққан емеспін, алайда ұшуды армандайтынмын. Бірінші бөлімі сәтті өтті. Содан кейін парашют ауа ағынына тап болып, ашылмай қалды... Сол кезде қосалқы парашютпен төмен қарай келе жатқанда, бүкіл өмірің кинолентаға ұқсап өте шығады екен. Ал, ең бастысы сен құлауды тоқтата да, уақытша ұстап тұра да алмайсың... Оң аяғым мертікті, нұсқаушыма көп рақмет, ол дер кезінде әрекет етіп, мені өлімнен аман алып қалды. Достар! Барлық армандарды орындау парыз емес. Шынында мен осы кезде блог түсіріп жатқанмын, тағдыр тәлкегі ;) сондықтан да сіздер барлықтарыңыз жақын уақытта көре аласыздар!!!" - дейді әнші Настя ауруханада түскен суретін сала отырып.

29 жастағы Настя Каменских - "Потап и Настя" дуэтінің мүшесі. Дуэттегі жұмысы әншіге танымалдылық әкеліп, көптеген жүлдеге ие болған. 2009 жылы Украинада "Viva" журналы оқырмандарының таңдауы бойынша ол ең сұлу әйел атанған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети