Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын айтып берді

03 Қазан 2016, 17:59
2
Асхат Тарғын. © xmusic.kz
Асхат Тарғын. © xmusic.kz

Әнші Асхат Тарғын атышулы оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Әнші бұл оқиғада кінәлі асаба Айбек Қоңырбаев деп отыр. Айтуынша, асаба о бастан-ақ онымен дұрыс сөйлеспеген. Бұл туралы ол "Астана" телеарнасының "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Тойға бардым. Онда мені бір сағат күттірді. Менің алдымда жас әншілерді жіберді. Сабыр сақтап күттім. Келесі шығасың деді, бір әншілерді күттім. Сосын тағы келесіден соң шығасың деді. Тағы жарайды дедім. Негізі барғаннан менімен дұрыс сөйлескен жоқ. Бірдеңе сұрасам дұрыс жауап бермейді. Маған өші бардай сөйлесті. Сабыр, сабыр деп күттім отырдым. Дайындалып тұр едім, бір әнші баланы жіберді. Шақырып "Неге мені жібермедің?" деп сұрадым. Той иесі бір баланың көп күтіп қалғандығын айтқан екен. Содан кейін антракт басталатынын, соны менің ашатынымды айтты. Той иесінің айтқаны болғаннан кейін соған бағынамыз ғой. Жарайды деп оны да күттім", - деді Асхат Тарғын.

Алайда, әншінің айтуынша, асаба тағы да айтқанын орындамай, антракт басталғаннан кейін де Асхатты ортаға шақырмаған. Сахнаға шығуға дайындалып, аппараттың қасында тұрған Асхат ашуға бой алдырып, асабаның иығынан итеріп жібергенін жасырмады.

"Бір кезде антракт болды, біреулер тос сөйледі. "Барлықтарыңыз ортаға биге шығыңыздар" деді, мені тағы хабарламады. Бір кезде ашуланып кеттім. Сосын: "Мен саған айттым ғой қазақшалап, неге жібермейсің? Бір тос, екі тос күттім. Үшіншісінде "антрактіні сен бастайсың" дедің, неге хабарламайсың» десем, маған дөрекі сөз айтты. "Бауырым сенікі дұрыс емес" деп ашулана иығынан түртіп едім, жағымнан салып жіберді. Халықтың көзінше солай жасағаннан кейін, мен де қарап тұра алмадым", - деп ақталды Тарғын.

Алайда асаба Айбек Қоңырбаевтың нұсқасы бұдан өзгерек. Асаба Асхат Тарғынды жұлдыз болып кеткен деп есептейді. Айтуынша, ол тек той иесінің тапсырмасы бойынша әншіден біраз уақыт күтуді сұраған.

 
Айбек Қоңырбаев. "Ел аузында" бағдарламасынан скриншот

"Тілек беріп тұрсам, құлағыма келіп "қашан шығамын, қашан шығамын" деп ызыңдай берді. Той болған соң, той иесінің тапсырмасы болады арнайы. Мен шамалы тұра тұр дедім. Бар айтқаным осы. Баласынып тұр ма, білмеймін ғой не істегенін кеудемнен итеріп. Тіпті, өзі бастап ұрып, балағаттап жатыр. Жұлдыз болса өзіне жұлдыз. Ондайды басқа біреуге көрсетсін, үйінде көрсетсін", - дейді ашынған Айбек Қоңырбаев.

Ал осының алдында Асxат Тарғыновпен төбелескен асаба жанжалдың неден шыққанын айтып берген еді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай