08 қазан 2015 13:45

"Астана аруы" Түркияда өткен байқауда Top Model атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгерім Смағұлова. Сурет жеке мұрағаттан алынған Әйгерім Смағұлова. Сурет жеке мұрағаттан алынған

"Астана аруы-2013" Әйгерім Смағұлова Түркияда өткен халықаралық Princess of the Globe-2015 байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ару үздік Топ-модель титулын жеңіп алды (Top Model).


"Астана аруы-2013" Әйгерім Смағұлова Түркияда өткен халықаралық Princess of the Globe-2015 байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ару үздік Топ-модель титулын жеңіп алды (Top Model).

Модельдің айтуынша, байқау жағымды әсер қалдырған. Қыздар байқауға қызу дайындалып қана қоймай, елді аралап, демалыпты. "Қалжырататындай дайындықтар, таңертең 5 немесе 6-да тұру болған жоқ. Бізге демалатын, жағажайға баратын уақыт берілді. (...) Сонымен қатар, бұл жерде балалар арасындағы байқау өтіп жатыр. Біз балалармен достасып, олармен бірге таңғы, түскі және кешкі асқа барамыз. Байқауға барғаным үшін қатты қуаныштымын", - деді Әйгерім Смағұлова.

Айта кетейік, Әйгерім Смағұлова "Астана аруы-2013" байқауының жеңімпазы. Сол жылы ол Астананың атынан "Қазақстан аруы" байқауына қатысып, ТОП-7-ге кірді. Таяуда "Азия аруы" атанды.

Байқауға әлемнің 25 елінен келген қыздар қатысты. Princess of the Globe-2015 байқауы 10 күнге жалғасты. Бұл байқауда украиналық Яна Равликовская жеңіске жетті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети