05 мамыр 2015 09:27

Асылбек Еңсепов МС Сайлаубекпен кездесуі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram.com Instagram.com

Белгілі композитор әрі домбырашы Асылбек Еңсепов МС Сайлаубекпен келісімшартқа отырғаны туралы әңгімені жоққа шығарды. Бұл туралы ол ZTB.kz басылымына берген сұхбатында айтты.


Белгілі композитор әрі домбырашы Асылбек Еңсепов МС Сайлаубекпен келісімшартқа отырғаны туралы әңгімені жоққа шығарды. Бұл туралы ол ZTB.kz басылымына берген сұхбатында айтты.

"Сайлаубек екеуміздің бірге түскен суретіміз Интернетке шыққаннан бастап барлығы бізді бірге жұмыс істейтін болды немесе мені Сайлаубекке продюсер болды деп жатыр. Бірақ бұл олай емес. Мен онымен Атыраудағы жергілікті мейрамханалардың бірінде кездесіп қалдым. Осы күні ұшып кетуім керек еді, соған дейін достарыммен бірге тамақтанып отырғанмын. Сайлаубекті көп адамдар байқапты, оның ішінде Қазақстанға белгілі таэквондошы Арман Шілманов та бар. Бізді таныстырған сол. Жігіттер Сайлаубекке енді ішімдік ішпеуге көмектесіп, таза киімдер сатып әперген. Ішімдік ішкен кезде оны кейбір адамдар ұрып, жағдайын пайдаланған. Сайлаубек өте жақсы әрі зиялы адам болып шықты. Ол мектепті қызыл дипломға бітірген. Тек өміріндегі кей қиындықтарға байланысты осындай жағдайға түскен. Оның интернет жұлдызы болуы тегін емес. Мен оған жаңа өмір бастауына мүмкіндік барын, барлығы үшін шүкіршілік ету керектігін айттым. Оның видеосын алғаш көргенімде қазақ баласының осындай ритмі барына қатты қундым. Бұл барлығына әсер етті деп ойлаймын. Біздің ынтымақтастығымыз туралы ештеңе айта алмаймын, себебі мен музыканың басқа жанрының өкілімін. Дегенмен, нақты бірдеңе деу қиын. Болашақта серіктес болуымыз мүмкін, дегенмен қазір емес", - деді композитор.

Өткен аптада Асылбек Еңсепов Instagram желісіндегі парақшасына МС Сайлаубекпен түскен суретін жариялады. Сонымен қатар, музыкант осы адамға көмектескеніне қуанышты екенін жазған. Қолданушылар композиторды Сайлаубекпен келісімшартқа отырды деп, осы хабарды әлеуметтік желі арқылы таратқан болатын.

Рэпер МС Сайлаубек ақпандағы өзі туралы YouTube порталына шыққан видеодан кейін танымал болып, әлеуметтік желілерде ол түскен бейнероликтер кең таралды. Видеодан ішімдік ішіп алған ер адамның түсініксіз тілде рэп айтып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін оның әнін өңдеп, пародия жасайтындар көбейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети