09 қыркүйек 2016 11:59

Бағым Мұхитденова: Баян Есентаева ел алдына мәжбүрліктен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағым Мұхитденова мен Баян Есентаева © vk.com Бағым Мұхитденова мен Баян Есентаева © vk.com

Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Баян Есентаеваның ел алдына мәжбүрліктен шыққанын айтып, қынжылды. Бұл үшін ол БАҚ құралдарын кінәлады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Айта кетейік, осыған дейін Баян Есентаева атышулы оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын.


Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Баян Есентаеваның ел алдына мәжбүрліктен шыққанын айтып, қынжылды. Бұл үшін ол БАҚ құралдарын кінәлады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Айта кетейік, осыған дейін Баян Есентаева атышулы оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын.

Есентаеваның сіңлісі болған оқиғалардың жанына қатты батқанын айтты.

"Танымалдылық… Оның өтеуі ауыр болып шықты… БАҚ құралдары мен телеарналар сені аямайды… Сенің ЖЕКЕ өмірің барлығын қызықтырады… Не, қалай, неге, не үшін, жайдан жай емес, демек себебі бар, САУАП БОЛДЫ, ӨЗІНЕ СОЛ КЕРЕК - өлімге бір табан жақындаудың не екенін елестете де алмайтын адамдардың пікірлері осы. Баянға не тілесеңіздер, Алла сіздерге соны екі еселеп қайтарсын!!! Телеарна рейтингін көтеру үшін өз ережелеріне бағынады. Журналистер Баянның, оның балалары мен ата-анасының қандай күйде екенін ойланбастан жеке өміріне қол сұғады (әріптес екендеріңізді біле тұра). Егер де БАҚ құралдары Баянның ЖЕКЕ өміріне араласа бермегенде, қайталап айтамын, ЖЕКЕ өміріне, ол бұл сұхбатты бермес еді! Ел алдына шығуға мәжбүр болды. Оны барлық телеарналар мен ақпарат құралдары да түсініп тұрған шығар. Таңғалудамын, мұның бәрі жаныма ауыр тиіп жатыр…" - деп жазды Бағым Мұхитденова желідегі парақшасында.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. Жақында Бақытбек Есентаевтың соты өтетін күн белгіленді. Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети