Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Батырхан Шүкенов Ресейдегі "Один в один" шоуына қатысады

27 Қаңтар 2015, 15:11
0
Батырхан Шүкенов ресейлік "Один в один" шоуына қатысады
Батырхан Шүкенов ресейлік "Один в один" шоуына қатысады

Батырхан Шүкенов "Россия-1" телеарнасының атақты "Один в один" шоуының үшінші маусымына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, шоуға қатысушылардың дайындық жұмыстары басталып кетті, ал шоудың алғашқы шығарылымдарын телеарна эфирінен ақпан айынан бастап көруге болады. Айта кетейік, "Один в один" шоуы - белгілі бір адамдардың кейпіне ену жобасы, бұл шоуда атақты адамдар бұрынғы және қазіргі әйгілі музыканттарды сомдап, олардың стилін толықтай қайталайды, сонымен қатар олардың қозғалу мақамынан бастап дауысының тембріне дейін келтіреді. Шоу қатысушыларының өзгеруіне кәсіби ұстаздар мен тәлімгерлер және жоба үшін арнайы құрастырылған грим көмектеседі. Шоудың екінші маусымында Виталий Гогунский жеңіп шықты, ал екінші орынға Вадим Казаченко ие болды.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов ресейлік "Живой звук" шоуының көктемгі маусымына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Жоба барысында жұлдыздар кеңінен тараған әндерді караокеде шырқады, әндер олар үшін кездейсоқ әдіспен таңдалды. Жоба барысында Батырхан Шүкенов "Дождь", "Самба белого мотылька", "Я спросил у ясеня", "Выпьем за любовь", "Звезды в лужах" әндерін орындады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай