Бауыржан Ретбаев "Дауыс KZ" тобынан кетті

28 Сәуір 2015, 23:42
0
Бауыржан Ретбаев "Дауыс KZ" тобынан кетті - @Vk.com
@Vk.com

Лұқпан Жолдасов "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы атанған "Дауыс KZ" тобының әншісі Бауыржан Ретбаевпен келісімшартты бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы топтың продюсері Лұқпан Жолдасовтың әйелі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгіннен бастап Дауыс KZ тобының əншісі Бауыржан Ретбаевпен жасалған келісім-шарт бұзылды. Бауыржан енді топтың əншісі емес. Бауыржанның отбасының дуэттің жұмысына кедергі келтіруіне байланысты продюсеріміз осындай шешім қабылдады", - деді Айған Жолдасова.

Оның айтуынша, Бауыржанның отбасы топтағы Бердібек Құлғараевтың бірнеше шетелдік байқаулардың бас жүлдесін иеленген мықты əнші екенін мойындамай, оның Бауыржанмен бір топта өнер көрсетуге лайық емес екенін мәлімдеді. Сол себепті Лұқпан Жолдасов Бауыржанмен келісімшартты бұзды.

Айта кетейік, Бауыржан Ретбаев "Қазақстан дауысы" жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы. Топтың құрамындағы екінші әнші Бердібек Құлғараев та осы жобаның бірінші кезеңінде финалист атанды. Топтың құрылғанына шамамен жарты жылдай уақыт өтті. Топқа белгілі әнші Лұқпан Жолдасов жетекшілік етеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай