01 маусым 2015 10:42

Баян Есентаеваның қандай кітап жазатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева. Tengrinews.kz мұрағатынан Баян Есентаева. Tengrinews.kz мұрағатынан

Белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаеваның болашақта қандай кітап жазатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.


Белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаеваның болашақта қандай кітап жазатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Есентаеваның жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, кітап шоу-бизнес әлемінің барлық шындығы жайында болады.

"Бәрінен бұрын күлімдеп жүруіңе тура келеді! Менің мамандығымда - бұл аман қалудың ең тиімді әдісі. Әйтеуір бір кезде "Шоу-бизнес туралы барлық шындық" деген кітап жазамын, әйтеуір бір кезде, мұхиттың жағалауында, кабриолетке отырып, басыма қызыл қалпақ кием де, қолыма қаламұш алып, жаза бастаймын! Ал қазір күлімдейтін шақ!!!", - деп жазды Есентаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Есентаева өзінің киімдер желісін шығаратынын және "КешYou" тобы туралы фильм түсіретінін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети